Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәншүк Маметова атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»

    09.02.2017
    Bastauysh-negzg-orta-zhalpy-orta-blm-berud-zhalpy.doc

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11057 тіркелді

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
    1. Мыналар:
    1) осы бұйрыққа1-қосымшаға сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
    2) осы бұйрыққа2-қосымшаға сәйкес «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
    3) осы бұйрыққа3-қосымшаға сәйкес «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
    2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева):
    1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
    2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;
    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиевқа жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген үздік іс-шаралар

    08.02.2017
    Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 
    өткізілген үздік іс-шаралардың күнтізбесі
    № Мерзімі Іс-шаралардың тақырыбы, өткізілген орны,мақсаты,барысы,қамтылған білім қызметкерлерінің (оқушылардың) саны, ерекшелігі. Фото,видео,дәлелдемелік материалдары.
    1. 2016 жыл қаңтар «Тәуелсіздік елімнің - ерлік жолы»
    Мақсаты:Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егеиендігіне қол жеткізгендігімізге, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандығын көрермендерге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. (Оқушы саны -80)
    2. 2016 жыл ақпан «Тәуелсіз елім -тірегім»
    Мақсаты:Отанды сүюге,құрметтеуге Желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге,адамгершілікке,әділетілікке,ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. (Оқушы саны -65)
    3. 2016 жыл наурыз «Желтоқсан құрбандары»
    Мақсаты:Оқушылардыелжандылыққа,ұлтшылдыққа,адамгершілікке,тілін,
    дінін,тарихын,құрметтеуге тәрбиелеу.. (Оқушы саны -25)
    4.2016жыл
    сәуір «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік»
    Мақсаты:Оқушыларды Қазақстанның тәуелсіздік жолында небір тар жол тайғақ кешулерден өткен, тәуелсіздік жолында елі, жері үшін күрескен батырларымыздың ерлігі жайлы түсіндіру. (Оқушы саны -25)
    5.2016жыл
    мамыр «Желтоқсанның мұзда жанған алауы»
    Мақсаты:Оқушыларды желтоқсан құрбандары мен таныстыру,желтоқсанға қатысқан аға-апаларымыздың ерлігі туралы айту және түсіндіру.
    (Оқушы саны -25)
    6.2016жыл
    қыркүйек «Тәуелсіздігім-мақтанышым!»
    Мақсаты:Өз Отанын,туған жерін,Елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу
    (Оқушы саны -25)

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру